Жарияланды: 530

Оңтүстік Қазақстан облысында аудандық қорғаныс бөлімінің қызметкері ұсталды

Шымкент. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында аудандық қорғаныс істері бөлімінің 3-ші бөлімшесінің қызметкері ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ҰҚК Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР ҰҚК Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің жедел тергеу тобы 5 тамызда подполковникті Атакент ауылында азаматтарды қабылдау бөлмесінде аталған аудан тұрғынының ұлына уақытша әскери билет бергені үшін 12 мың теңге алып жатқан сәтте ұстады", - делінген хабарламада. 43 жастағы подполковниктің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің қызмет бабын пайдалану арқылы жасалған алаяқтық жөніндегі 177-ші бабының "в" тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін