Оңтүстік Қазақстан облысында биылдан бастап жүгері мен картопқа мемлекеттік субсидиялар бөлінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында биылдан бастап жүгері мен картопқа мемлекеттік субсидиялар бөлінеді

Оңтүстік Қазақстан облысында биылдан бастап жүгері мен картопқа мемлекеттік субсидиялар бөлінеді

Шымкент. 5 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Биыл астық өсіруге арналған мемлекеттік субсидиялар азайтылып, керісінше, жүгері, бақшалық дақылдар мен картоп өсіруге бөлінетін субсидиялар көлемі ұлғайтылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ауылшаруашылығы департаментінің бас маманы Шыбыкуль Мары хабарлады.

  • 5 Наурыз 2008
  • 805
Фото - Caravan.kz

«Өткен жылмен салыстырғанда масақты, күздік және бидай дақылдарының бір гектарына бөлінетін субсидиялар көлемі 660 -тан 586 теңгеге дейін азайтылды. Алайда, биыл «астықтық жүгері» деген позиция қосылды. Оның бір гектарына 1580 теңге бөлінеді. Биыл сондай-ақ, бақшалық дақылдар деген жеке позиция пайда болды. Оларға көкөніспен бір деңгейде, яғни, 8000 теңге көлемінде субсидия бөлінеді. Тағы бір жаңа картоп деген позиция — 1250 теңгеге тең. Бұрын оған субсидия төленбеген», — деді Ш. Мары.

Оның айтуынша, жалпы алғанда биыл Оңтүстік Қазақстан облысына түрлі субсидияларға деп 1 млрд 488 млн 336 мың теңге бөлу межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті