Оңтүстік Қазақстан облысында облыстық қазынашылық басқармасының қызметкері пара алды деген күдікпен құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында облыстық қазынашылық басқармасының қызметкері пара алды деген күдікпен құрықталды

Оңтүстік Қазақстан облысында облыстық қазынашылық басқармасының қызметкері пара алды деген күдікпен құрықталды

ШЫМКЕНТ. 3 - тамыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің облыстық қазынашылық басқармасының аудандық бөлімшесінің бастығы қызметкері пара алды деген күдікпен құрықталды. Бұл утралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Тамыз 2007
  • 508
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, шенеунік «Сайрам тазалық» ЖШС есеп шотына жергілікті бюджеттен қаржы аударуды жеделдету үшін 500 мың теңге көлемінде ақша боспалаған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері оны пара алғаннан кейін өз жұмыс бөлмесінде құрықтаған.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311-бабының 2-тармығы бойынша (пара алу) қылмыстық іс қозғалған, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті