Оңтүстік Қазақстан облысында қоражайдағы өрт салдарынан 14 мал қырылды
Астана. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында қоражайдағы өрт салдарынан 14 мал қырылды, 700 дана шөп өртенді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
ТЖМ ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылындағы Әбдірайымов көшесіндегі жер үйде 25 қыркүйекте сағат 02.10-да 160 шаршы метр аумақта қоражай өртенді.
Өрт салдарынан 14 мал қырылды, 700 дана шөп өртенді. Құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ. Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 1 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 4 адамының күшімен сөндірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін