Оңтүстік Қазақстан облысында құтырық дертіне шалдыққан жасөспірім қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында құтырық дертіне шалдыққан жасөспірім қайтыс болды

Оңтүстік Қазақстан облысында құтырық дертіне шалдыққан жасөспірім қайтыс болды

АСТАНА. 14-наурыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында құтырық дертіне шалдыққан жасөспірім қайтыс болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Наурыз 2007
  • 463
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, 13-наурызда облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне аудандық аурухананың хирургия бөліміне 10-наурызда «соқырішектің өткір қабынуы» деген диагнозбен 14 жасар ұлдың жатқызылғаны туралы хабарлама түскен. Аудандық дәрігерлердің консилиумы оған 10-наурызда «құтырық дерті» болуы мүмкін деген диагноз қойып, 11-наурызда диагноз расталды. 12-наурызда жасөспірім қайтыс болды.

Эпидемиялық тексеру барысында белгілі болғанындай, 9-наурызда баланы белгісіз ит қауып алған. Тұрғылықты жері бойынша оған антирабикалық емдеу жасалыпты. Ауру ошағында баламен байланыста болған 4 адам анықталып, олар дәрігердің бақылуына алынды. Эпидемияға қарсы шаралар қолданылуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті