Оңтүстік Қазақстан облысында "Қызыл ту" шептік постында көліктен 4 кг салмақтағы героин табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында "Қызыл ту" шептік постында көліктен 4 кг салмақтағы героин табылды

Оңтүстік Қазақстан облысында "Қызыл ту" шептік постында көліктен 4 кг салмақтағы героин табылды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 16 - тамыз. ШЫМКЕНТ. Оңтүстік Қазақстан облысында "Қызыл ту" шептік постында көліктен 4 кг салмақтағы героин табылды. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Тамыз 2007
  • 429
Фото - Caravan.kz

«Кеше, шамамен 15.00 кезінде «Алматы-Ташкент-Термез тас жолының 762 шақырымында «Қызыл ту» шептік постында «Опель вектра» көлігі ұсталған. Көліктегі жолаушыдан салмағы 4 кг жуық героинге ұқсас ұнтақ салынған төрт дорба табылған»,- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер. Полицейлердің түсіндіруінше, жолаушы мен жүргізуші уақытша тергеу изоляторына қамалған, қазірде затқа сараптама жүргізіліп жатыр.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, оларды Оңтүстік Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің, Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармасының және де «Қызыл ту» постының қызметкерлері келіп түскен жедел ақпарат негізінде ұстаған. «Өте ірі көлемдегі есірткі айналымымен айналысатын тұлғалардың тобы белгілі бір уақыт ішінде қадағалауға алынған»,- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті