Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкент-Павлодар мұнай құбырында мұнай ағып, құбырдың ақаулы тұсы жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында  Шымкент-Павлодар мұнай құбырында мұнай ағып, құбырдың ақаулы тұсы жабылды

Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкент-Павлодар мұнай құбырында мұнай ағып, құбырдың ақаулы тұсы жабылды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 4 қыркүйек. АСТАНА. Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкент-Павлодар мұнай құбырында мұнай ағып, құбырдың ақаулы тұсы жабылды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

  • 4 Қыркүйек 2007
  • 586
Фото - Caravan.kz

«Бәйдібек ауданы Шаян станциясынан 10 шақырым жерде Шымкент-Павлодар магистральдық мұнай құбырында кеше 15 сағат 25 минутта құбырға заңсыз жапқыш тиек орнатқан тұста сызат түсіп, одан мұнай ақты», — делінген хабарламада. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құбырдың ақаулы тұсы жабылып, мұнай ағу тоқтатылды.

«Апаттан қалпына келтіру жұмыстарын «Қазтрансойл» АҚ-ның 12 адамы мен 7 техникасы жүзеге асыруда. Төтенше жағдайдың болуы мүмкін зардаптарын жою үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 9 адамы мен 2 техникасы тартылды», — делінген хабарламада.