Оңтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды

Оңтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 4 қыркүйек. ШЫМКЕНТ. Оңтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 4 Қыркүйек 2007
  • 1064
Фото - Caravan.kz



Жуырда Оңтүстік Қазақстан облыстық тәртіптік кеңесінің төрағасы Болат Үркімбаевтың бастамасымен құрылған кеңестің бірінші жұмыс бабындағы жиыны болып өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің құрамына БАҚ өкілдері, ардагерлік ұйымдар мен саяси партиялардың, бейресми ұйымдардың өкілдері енген. Кеңес құрамында 20 — 25 адам бар.

Алғашқы отырыста кеңес мүшелері болашақ жұмыс бағыттарын белгіледі. Басты мақсат — сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қоғамдық базасын нығайтуға жұмыс істеу.

Оңтүстік Қазақстан облыстық тәртіптік кеңесі хатшылығының меңгерушісі Қуаныш Құлажановтың айтуынша, оңтүстікқазақстандық қоғамдық кеңес — Қазақстандағы осы тектес тұңғыш ұйым болмақ.

«Сөйтіп біз сыбайлас жемқорлық көріністерімен күрес майданын кеңейте түстік, — деді Б. Үркімбаев отырыста. -Бұл профилактикалық тұрғыдан аса маңызды». Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік тәртіптік кеңес төрағасының айтуынша, «шенеунік өзінің барлық заң бұзушылықтары ертең жұртшылыққа жайылып, тәртіптік кеңестің назарына ілігеді деп қорқуға тиіс».

Ұйымдастырушылар қоғамдық кеңестің жұмыс нәтижелері халыққа жария етіліп отырады деп сендіруде.