Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін республикалық СПИД орталығынан тағы төрт баладан ВИЧ диагнозы расталғаны туралы ақпарат келіп түскен. Олардың ең үлкені 1994-жылғы, ең кішісі 2005-жылғы. Екі бала Сайрам ауданында, біреуі Түркістанда, тағы бірі Бәйдібек ауданында тұрады. Қазір олардың ата-аналарына тексеру жүргізілуде. Қазіргі жағдаймен екеуінен індет табылмаса, қалғандарының диагнозы тексеріліп жатыр.
Баспасөз хатшысының хабарлауынша, бүгін оқиға орнына эпидемиологиялық тексерулер жүргізу үшін дәрігерлер тобы аттанды. Ол аяқталғанға дейін бұл балалардың қайда және қашан емделгені, медициналық процедураларды жүргізген кезде тері қабатына зақым келген-келмегені жөнінде ақпар беруге мүмкіндік жоқ.
Бүгінгі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індеті 107 баладан (сегіз бала қайтыс болған, бірекі асырап алып шетелге алып кеткен) және 13 анадан табылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті