Оңтүстік Қазақстан облысында Ташкент - Москва бағытындағы поездың жолаушысынан марихуана табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында Ташкент - Москва бағытындағы поездың жолаушысынан марихуана табылды

Оңтүстік Қазақстан облысында Ташкент - Москва бағытындағы поездың жолаушысынан марихуана табылды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 23 - тамыз. ШЫМКЕНТ. Оңтүстік Қазақстан облысында Ташкент - Москва бағытындағы поездың жолаушысынан марихуана партиясы табылды. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының кедендік бақылау департаментінен хабарлады.

  • 23 Тамыз 2007
  • 456
Фото - Caravan.kz



Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысының кедендік бақылау департаментінің маман-кинологтары қызметтік иттерімен Ташкент — Москва бағытындағы № 5 поезге жолаушыларды отырғызар алдында кедендік тексеру жүргізген. «25 жастағы Шымкент тұрғынын жалпы тексеру барысында иісшіл ит есірткінің белгісін берген. Куәлердің қатысуымен жолаушының жүгі мұқият тексерілді, нәтижесінде оның сөмкесінен скотчпен оралған қызыл өңді орама табылды»,- деп түсіндірді баспасөз қызмеіндегілер.

Кеденшілердің ақпараттарына сүйенсек, сараптама мұның жалпы салмағы 421 грамм болатын кептіріліп, тығыздалған марихуана екендігін белгіледі. Аталмыш дерек тіркеліп, Арыс станциясының желілік ішкі істер бөліме тергеуге жіберілді.

Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысының кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оңтүстікқазақстандық кеденшілер Мақтаарал полицейлерімен бірлесе отырып еркекті ұстаған, одан қара-жасыл-қоңырқай зат салынып, скотчпен ораған бір килограмм дорба табылды. Ұсталғанның өзі мойындағандай, дорбада шикі апиын болған. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.