Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тексеру барысында ҚР «Темір жол транспорты туралы» заңының талаптарын бұзуға қатысты көптеген оқиғалар анықталған.
Атап айтсақ, Шымкент, Түркістан, Алматы филиалы мен «Қазақстан темір жолының» Арыс желілік эксплуатациялық бөлімшесінің балансында қызмет ету мерзімі өтіп кеткен арнаулы жол техникасы болған. Сонымен бірге, «жоспарлы жөндеу түрінің мерзімі өтіп кеткен және кейбір құрамды бөлшектерінің шектеулі нормадан тыс тозығы жетуіне жол берілген техникалар пайдаланылады».
«Жинақталған материалдардың негізінде Оңтүстік-Шығыс аймақтық транспорттық прокуроры «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның президентіне темір жол транпортында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шара қолдану жөнінде таныстыру хат жолдады», деп хабарлайды бас қадағалаушы мекеменің баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті