Оқыс оқиға 23-наурыз күні болған. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 28 пәтерлі тұрғын үйде шатырдың екі жабын плитасына жарықшақ түсіп, опырылып кеткен. Құлаған плиталардың салмағынан бір пәтердің төбесіндегі плитасына зақым келген.
Қазіргі жағдаймен подъезд тұрғындары туыстарының үйлеріне таратылып, пәтерлерді аудандық ІІБ қызметкерлері күзетке алды. Шатыр жабындарын одан әрі қиратпау үшін уақытша бекітіп қойды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті