Оңтүстік Қазақстан облысында ұсталған лаңкестер ҰҚКД ғимаратын жарып, арнаулы қызметтің қызметкерлерін өлтірмек болған - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында ұсталған лаңкестер  ҰҚКД  ғимаратын жарып, арнаулы қызметтің қызметкерлерін өлтірмек болған

Оңтүстік Қазақстан облысында ұсталған лаңкестер ҰҚКД ғимаратын жарып, арнаулы қызметтің қызметкерлерін өлтірмек болған

ШЫМКЕНТ. 15 - тамыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ұсьалған лаңкестер Облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің ғимаратын жарып, арнаулы қызметтің қызметкерлерін өлтірмек болған. Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан баспасөз баянында тергеу осындай қорытындыға келгендігі туралы айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 15 Тамыз 2007
  • 498
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің растауы бойынша, «аталмыш экстремистік топ мүшелерінің Қазақстан Республикасы президентінің Оңтүстік Қазақстан облысына сапары кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің ғимаратын жарып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері мен олардың өздеріне мекен-жайлары белгілі-міс делінген жақын туыстарын өлтіруге бағытталған лаңкестік шараға ниеттері болғанына» дәлелдер бар.

Баспасөз баянында айтылғандай, 2007 жылдың 21-сәуірінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментіне осы облыста салафиттердің «жихадтық» қанатының өкілдері болып табылатын лаңкестік топтың әрекет етіп жүргендігі туралы анық мәлімет келіп түседі. Аталмыш дерек бойынша 2007 жылдың 23-сәуірінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің тергеу басқармасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 24-бабының 1-тармағы мен 233-бабы 2-тармағының «б» тармақшасында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғаған. 25-сәуірде күдіктілер қолға түскен. Олардың барлығы Оңтүстік Қазақстан облысында туып-өскендер мен облыс аумағының тұрғындары болып табылады. Қазіргі уақытта ұсталғандар Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу изоляторына қамалған, оларға лаңкестік әрекетке дайындалу жөнінде айып тағылған, тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменті жүргізуде.

Аталмыш қылмыстық істі тергеу бойынша облыстық прокуратураның санкциясымен алдын-ала тергеу жүргізу барысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің жедел-тергеу тобы күдіктілердің тұрғылықты тұратын жерлерінде бірқатар тінту жұмыстарын жүргізген, нәтижесінде діни сипаттағы әртүрлі әдебиеттер, бейнедискілер, дискі жинақтаушы, сары түсті кесек зат (жорамал бойынша жарылғыз зат) салынған нитробояу құтысы, шегелері, «Крона» үлгісіндегі батареялары мен сым үзінділері бар пластик дорба, белгісіз түрдегі қолдан жасалған жарылғыш құрылғы (оны ҚР ҰҚК «Арыстан» қызметінің жарғыштары залалсыздандырды), сондай-ақ, 12-ші калибрлі, қос ауызды шолақ аңшы мылтығы, сары түсті металл сынықтары мен қалдықтары, 5,45 мм-лік калибрлі оқтарға арналған мырыш жәшіктер, ПЭЕМ винчестері; аңшы мылтығы, 9 мм калибрлі 16 оқ; ақша; аты-жөні мен қызметтік телефон нөмірлері көрсетілген Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің үшінші басқармасының қызметкерлерінің тізімі, барлық қызмет түрлерінің қызметкерлерін жоюға берген рұқсат (фатва), Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті ғимаратының орналасқан жері мен көшелері көрсетілген сызбасы тәркіленген.

Табылған қару-жарақ пен заттарға сот сараптамасы тағайындалып, жүргізіліп жатыр.

Бұрын хабарлағанымыздай, 2007 жылдың сәуірінің аяғында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменті мен Ішкі істер департаменті қызметкерлерінің бірлесіп жүргізген жедел іс-шаралары барысында бір экстремистік топтың белсенді жақтастары болып табылатын 13 адам құрықталған болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті