Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 462.91
  • 542.16
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті

Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті

АСТАНА. 26-қазан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Қазан 2006
  • 368
Фото - Caravan.kz

Жол апаты Жетісай-Жібек жолы тас жолының 165-шақырымында болған. «Nissan» автокөлігінің жүргізушісі «ВАЗ-2106» автокөлігімен соғысты.

Апат салдарынан «ВАЗ-2106» автокөлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы, сондай-ақ, «Nissan» автокөлігінің бір жолаушысы қаза тапты. Сонымен бірге екі көлікте отырған төрт жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті