Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 25 бала СПИД-ке шалдықты - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 25 бала СПИД-ке шалдықты

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 25 бала СПИД-ке шалдықты

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 23 тамыз. ШЫМКЕНТ. Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 25 бала СПИД-ке шалдықты. Бұл туралы облыстық СПИД орталығының есеп материалдарында көрсетілген, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Тамыз 2007
  • 533
Фото - Caravan.kz

СПИД орталығының статистикалық мәліметтеріне сәйкес, ағымдағы жылдың жеті айында облыста 31 адам СПИД-пен ауырған. Сөйтіп, СПИД індетіне шалдыққандар саны 61-ге жетті, олардың 25-і балалар.

«ВИЧ-індеті төрт сатыға бөлінеді. Адам түрлі ауруларға шалдыға бастайтын төртінші сатысы СПИД деп аталады», — деп түсіндіреді СПИД орталығындағылар.

Орталық мәліметіне сәйкес, жалпы ағымдағы жылдың жеті айында ВИЧ-індетін жұқтырған 139 адам анықталған, олардың 39 — балалар. Облыс бойынша ВИЧ-індетін жұқтырғандардың жалпы саны — 1051 адам, олардың ішінде балалар ( 1 тамыздағы жағдаймен) — 124.

Облыстық СПИД орталығының мәліметінше, қазіргі жағдаймен ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 127-ге жетті, соның ішінде 10 бала қайтыс болған, бір баланы асырап шетелге алып кеткен. ВИЧ індетін жұқтырған аналардың саны 15 болды.