Жарияланды: 420

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара су қоймасында су шайып кеткен Арнасай тоғанын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара су қоймасында су шайып кеткен Арнасай тоғанын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақтан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы Уәлихан Ережепов хабарлады.

Шардара су қоймасының бір құрамдас бөлігі болып табылатын Арнасай тоғанының Арнасай ойпаты жақ беті 19-ақпан бейсенбіде қатты боран салдарынан бұзылған. Тоғанның 5 метрлік бөлігі қирады. Қазір нысанды нығайту мақсатында тоғанның су шайған бөлігіне қолмен тас жинау жұмыстары жүргізілуде. KZ-today тілшісінің хабарлауынша, соңғы бір апта бойына Шардара су қоймасындағы су көлемі тәулігіне 15-20 млн. текше метрге тұрақты азая түсуде. Қазіргі жағдаймен су көлемі 4,763 млрд. текше метрді құрап отыр. Келіп жатқан су көлемі секундына 927 текше метрді, жалпы жіберілетін су көлемі 1131 текше метрді, соның ішінде Арнасай ойпатына тасталатын су көлемі 331 текше метрді құрап отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін