Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара су қоймасындағы су қоры өткен жылғы көрсеткіштен екі есе асты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара су қоймасындағы су қоры өткен жылғы көрсеткіштен екі есе асты

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара су қоймасындағы су қоры өткен жылғы көрсеткіштен екі есе асты

Қазіргі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара су қоймасындағы су қоры өткен жылғы көрсеткіштен екі есе асты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Югводхоз" РМК-ның су тұтыну бөлімінің бастығы Болат Әбілов хабарлады.

  • 12 Қараша 2003
  • 628
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, су қоймасындағы қазіргі су көлемі былтыр 865 млн. текше метрді құраса, биыл 1 млрд. 481 млн. текше метр болды. Б.Әбіловтың сендіруінше, су қоймасындағы су көлемінің осыншама артауына қарамастан бұл қандай да бір қауіп-қатер туғызбайды. Алайда, егер Қырғызстан қыс маусымында электр қуатын өндіру барысында су қоймаларына су тастаса, жағдай анағұрлым күрделілене түсуі мүмкін. Биылдан бастап Шардара су қоймасынан Арнасай ойпатына жіберетін су көлемін осы мақсатта арнайы салынған бөгеннің көмегімен Өзбекстан жағы реттейді. Ал Сырдарияға үлкен көлемде су тастау — егер өзен қатып қалған жағдайда жағалаудағы елді мекендердің су астында қалу қаупін тудыруы мүмкін.

Қазір су қоймасын суға толтыру көрсеткіші белгіленген норма деңгейінде. Келетін су көлемі секундына 1 мың 33 текше метр болса, тасталатын су көлемі 635 текше метрді, оның 630 текше метрі Сырдарияға, 5 текше метрі балық шаруашылықтарының мұқтаждығы үшін Қызылқұм арнасына тасталады.
Шардара су қоймасының жобалық көлемі 5 млрд. 300 млн. текше метрге тең.