Жарияланды: 500

Оңтүстік Қазақстан облысының бір тұрғыны күйдіргі дертіне шалдықты деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Сайрам ауылының бір тұрғыны күйдіргі дертіне шалдықты деген күдікпен Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ауырған еркек 21-ақпанда ауруханаға түскен. Дәрігерлер оның денсаулығын орташа ауыр жағдайда деп бағалап отар. Агенттік ақпаратына сәйкес, қазір облыстық денсаулық сақтау департаментінің мамандар тобы індет ошағында аурудың таралып кетуіне қарсы шаралар қолдануда. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар дәрігерлік бақылауға алынып, антибиотик қабылдауда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін