Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданының бұрынғы әкімі сегіз жылға бас бостандығынан айрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданының бұрынғы әкімі сегіз жылға бас бостандығынан айрылды

Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданының бұрынғы әкімі сегіз жылға бас бостандығынан айрылды

Шымкент. 29-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Бәйдібек аудандық соты Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданының 49 жастағы бұрынғы әкімі Әлібек Бектаевқа қатысты шығарылған үкімді жария етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 29 Ақпан 2008
  • 733
Фото - Caravan.kz

Сот бұрынғы әкімді сегіз жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Адвокаттар бұл шешімге наразылық танытып, шағым түсірмек.

Бұрын хабарлағанымыздай, Ә. Бектаевты қаржы полицейлері өткен жылы салық қызметінің қызметкерінен коммуналдық үйді жекешелендіріп беру үшін 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара алғаннан кейін құрықтаған болатын. Пара беру процессі жасырын бейне камераға жазылып алынған, ал таң қаларлығы берілген сомаға көңілі толмаған әкім ақшамен салық қызметкерінің басынан ұрып жіберген.

Ә. Бектаевтің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 4-тармағының «а» және «б» тармақшалары бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Сот қарауы Бәйдібек аудандық сотына тапсырылып, процессті сот төрағасы Елубай Дәуренов жүргізген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті