Оңтүстік Қазақстанда мектеп мұғалімі алты мың теңге қарызы үшін ауылдасын өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстанда мектеп мұғалімі алты мың теңге қарызы үшін ауылдасын өлтірді

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Тасты ауылында тарих пәнінің мұғалімі алты мың теңге қарызы үшін ауылдасын пышақтап тастаған.
           Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, өткен сейсенбі күні Тасты ауылындағы жол шетінен 48 жастағы ауыл тұрғынының денесі табылған. Оның жүрек тұсына пышақ сұғылған.
           Іздеу шаралары барысында ауыл мектебінде оқытушы болып жұмыс істейтін 31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталған.
           Ұсталған мұғалім таңертең ауылдасын кездестіріп, бұрынғы қарызын сұрағанын мойындады. Сол кезде екеуі жанжалдасып қалып мұғалім ауылдасына пышақ жұмсаған да ізін жасырған.
           Ұсталған азамат психикалық ауытқушылығы бар болуы мүмкін деген күдікпен сот-психиатриялық сараптамаға жіберілген. Мұғалім мектепте тарихтан сабақ беретіні, ауылдасы оған алты мың теңге қарыз екенін анықталды.

  • 19 Қыркүйек 2013
  • 663
Фото - Caravan.kz