Жарияланды: 410

Оңтүстік Қазақстандық кеденшілер 30 килоға жуық героин ұстады

Оңтүстік Қазақстан облыстық кедендік басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментінің қызметкерлері бірлескен операция нәтижесінде 28 кило 518 грамм героин тәркіледі,- деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық кедендік басқармасының баспасөз қызметінен.

Есірткі партиясы Тәжікстаннан келе жатқан отарба вагонынан шықты. Өрік салынған қаптардан кеденшілер 29 дана полиэтилен дорбаларға салынған сарғыш түсті зат тауып алған. Сот-криминалистикалық сараптама қорытындысы дорбадағы заттардың қарапайым тәсілмен қолдан жасалған героин екенін дәлледеп берді. Аталмыш дерек бойынша, Қылмыстық Кодекстің "Айналымнан шығарылған заттар мен бұйымдарды, немесе айналымға салуға шектеу қойылған заттарды контрабандалық тәсілмен тасымалдау" жөніндегі 250-бабы, 1-бөлімі, сондай-ақ, "Есірткі немесе психотропты заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, біреу арқылы жолдау немесе сату" жөніндегі 259- бабы, 4-бөлімі, "б" пункті бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін