Оңтүстік Қазақстанның үш тұрғыны кәсіпкерді өлтіргендері үшін ұзақ мерзімге сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстанның үш тұрғыны кәсіпкерді өлтіргендері үшін ұзақ мерзімге сотталды

Оңтүстік Қазақстанның үш тұрғыны кәсіпкерді өлтіргендері үшін ұзақ мерзімге сотталды

Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жергілікті үш адамға кәсіпкерді өлтіргендері үшін үкім шығарды.

  • 16 Қазан 2014
  • 425
Фото - Caravan.kz


Тонаушылық жасап, адам өлтіргендері үшін біреуі 19 жылға сотталды, екеуі 20 жылдан бас бостандығынан айырылды, делінген облыстық соттан таралған хабарламада.

Істің материалдарына қарағанда, сотталғандар Сарыағаш қаласында валюта айырбастаумен айналысатын кәсіпкерді тонап, оған от атып жарақаттаған. Алынған жарақат салдарынан ер адам сол орында қаза болған. Тонаушылар 8,4 млн теңгені алып қашып кеткен.