Оңтүстікте дауыл 300-ден аса ғимараттың шатырын жұлып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстікте дауыл 300-ден аса ғимараттың шатырын жұлып кетті

Оңтүстікте дауыл 300-ден аса ғимараттың шатырын жұлып кетті

Оңтүстік Қазақстан облысында табиғат тосын мінез танытты. Түнде тұрған дүлей дауылдан Отырар, Бәйдібек, Түркістан қаласының тұрғындары жапа шеккен. Алдын ала ақпарат бойынша, көптеген ғимараттардың шатырлары ұшып кеткен.

  • 15 Маусым 2016
  • 728
Фото - Caravan.kz

Қазіргі таңға тұрғын үйлерге, мектептер мен балабақшалар, емханалар мен коммерциялық нысандарға зиян келгені белгілі болды. Екпіні секундына 25-30 метрге жеткен жел ағаш және электр бағаналарды құлатқан. Бір ғана Отырар ауданында 100 шақты үйдің шатыры ұшып, 4 мектеп пен 1 балабақшаға шығын келген.

Оқиға орнына аттанған облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов пен бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды, аудан әкімдері мен облыстық төтенше жағдай департаментінің басшысы Александр Путейко жүр. Өңір басшыс жеке тұрғын үй шығындарын тіркеуге алып, халыққа барынша жағдай жасауды тапсырды.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар