Оңтүстікте өртенген цистерналарда қанша тонна жағар май бары белгісіз - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстікте өртенген цистерналарда қанша тонна жағар май бары белгісіз

Оңтүстікте өртенген цистерналарда қанша тонна жағар май бары белгісіз

 

  • 4 Тамыз 2016
  • 495
Фото - Caravan.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында бензин тиелген 12 цистернаның 11 өшірілді.Бұл туралы Caravan.kz тілшісіне ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Оның айтуынша, өрт сөндіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Алдын ала мәліметтерге қарағанда тілсіз жау «Мұнай» ЖШС-на тиесілі мұнай базасынан шыққан. Өрт сөндіруге 100 деген өрт сөндіруші мен 20 техника тартылды. Қызыл жалын көбік атқылау арқылы да ауыздықталған.

Әзірге әр цистернада қанша тонна мұнай мен жағар май бары белгісіз. Өйткені олардың көбі толы болғанымен кейбірі орта деңгейде ғана болған көрінеді. Нақты көлемі тек серіктестік басшыларына ғана мәлім.

Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетсек, ОҚО-да жанар-жағар май тиелген цистерналардың өртеніп жатқаны жайлы ақпарат хабарланды. Облыстық ТЖК қызметкерлері өртті үшінші деңгейлі деп бағалады. Бұл аса қауіпті болып саналады. Куәгерлердің хабарлауынша, жел болғандықтан қызыл жалын тез тараған. Тіпті жарылыстың дауысы естіліпті.

Қазіргі кезде көрші кәсіпорындардың жұмысшылары қауіпсіз аумақтарға көшірілді. Оқыс оқиға Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолының бойында, Қарабұлақ кентіне жақын маңда болған.


 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар