Оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, солтүстікті тұман басуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, солтүстікті тұман басуы мүмкін

Оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, солтүстікті тұман басуы мүмкін

Синоптиктер Қазақстан аймақтарында 30 маусымда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультациясын жариялады.

  • 30 Маусым 2017
  • 978
Фото - Caravan.kz

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың солтүстігі мен шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр күтіледі, найзағай болады, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл болады. Солтүстікте түнде кей жерлерде тұман күтіледі. Шығыста бұршақ жаууы мүмкін.Тек республиканың батыс және оңтүстігінде  жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Оңтүстік Қазақстан облысында шаңды дауыл болады. 

Қостанай облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, Шығыс Қазақстан облысында бұршақ болуы ықтимал.

Күндіз Ақмола, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының  кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Атырау облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.


Астана қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан  соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +19+21°С, күндіз +33+35°С болады.

Алматы қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +15+17°С, күндіз +28+30°С болады.                                                            

Соңғы жаңалықтар