"Оны жек көремін": Өзінен 15 жас үлкен күйеуінен қашқан әйел балаларын тастап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Оны жек көремін": Өзінен 15 жас үлкен күйеуінен қашқан әйел балаларын тастап кетті

"Оны жек көремін": Өзінен 15 жас үлкен күйеуінен қашқан әйел балаларын тастап кетті

Түркістан облысы, Созақ ауданының тұрғыны Нұрғали Тұрлыбековты 4 баласымен бірге әйелі тастап кеткен.

  • 11 Шiлде 2019
  • 103
Фото - Caravan.kz

Виртуалды өмірдің қызығымен кеткен 4 баланың анасы үйіне қайтқысы жоқ деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі «Дау-дамайсыз» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Бәрі сол телефоннан басталды. Өйткені ол жерде әркімге жазып отыратын. Мен телефонды өзім білмейді екенмін. Ағасы да бәрі телефонның кеірі екенін айтып қалды. Сол жерден біреу тауып алып үйден кетіп қалды», — дейді жалғызбасты әке.

Күйеуінің айтуынша, әйелі оның алдында да кіші баласының екі айлық кезінде Таразға қашып кеткен екен. Одан кейін қайта келіп, бірақ баласы сегіз айлық болғанда қайтадан тастап кетеді. Содан бері әйелдің үйіне оралмағанына екі жыл болған.

Төрт баланың анасы әлеуметтік желіде отырған сайын үйінен, балалардан да алыстай бастаған. Соңғы рет күйеуінің 80 мың теңге жалақысын алып үйге азық-түлік алуға шығып кетеді. Содан кейін үйге келмей, Ақтауға кетіп қалған.

«Кешке жұмыстан келсем бала-шағам жылап отыр. «Мама үйге келген жоқ» деп балаларым жылап отыр. Телефонына хабарлассам, өшірулі. Артынша полицияға іздеуге бердік. Олар бір аптадан кейін іздеп тапты, әйелім Ақтауда жүр екен. «Өз еркіммен келдім» деп видео жазып жіберген екен. Төрт баламен артынан қалай барамын? Кейіннен Астанаға да кеткен. Кредит алған, бүйрегін сатам деген. Әйтеуір былығы көп әйелімнің», — деп әңгімесін жалғады отағасы.

Баладан безген ана өз шындығын айтады. Ол авто жуу орнында жұмыс жасап жүр екен.


«Үйге қайтпаймын. Мен ол адаммен бірге тұра алмаймын. Балаларымды сағынамын. Бірақ, бара алмаймын. Оларды да алып кете алмаймын. Барар жерім белгісіз. Мен оларды қаңғыртып қайда алып жүремін», – дейді қынжылған Динара.

Көкек ананың апасы да Динараның қайда жүргенінен бейхабар екен. Ол оның үйінен кетуіне күйеуін кінәлап отыр.

«Динараның қазір қайда екенін білмеймін. Үш жасында анасынан айырылған. Немеремді өзім өсірдім. Ақындығы бар. Өте белсенді болатын. Оқуға түсірдім жұрттан қалмасын деп. Барып келіп жүріп күйеуге шығамын дегенді шығарды. «Қой!» дегенді тыңдамады. Күйеуі өзіенен 13-15 жас үлкен. Бастапқыда ұнатпадым. Бірақ, өз еркімен кеткен соң ештеңе демедік. Барлығына күйеуі кінәлі. Ұрып-соғып, күн бермеген отбасымен. Ол содан қашты. Бірақ, өзіміз үйіне қайта апарып тастағанбыз» – дейді Амантай Оспанова.

Соңғы жаңалықтар