"Оның стратегиясы халыққа ойнап кетті": Маска жеңімпазы Әміре туралы ойын ашық айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Оның стратегиясы халыққа ойнап кетті": Маска жеңімпазы Әміре туралы ойын ашық айтты

"Оның стратегиясы халыққа ойнап кетті": Маска жеңімпазы Әміре туралы ойын ашық айтты

"Маска" жобасының жеңімпазы - Ерден Жақсыбеков, осы жобаға қатысып көпшіліктің көңілінен шыққан Бүркіт туралы, яғни әнші Әміре туралы өз ойын ашық айтты.

  • 2 Шiлде 2021
  • 436
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Аман Тасығанның "Талқылайық" Youtube бағдарламасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Бүркітті мен де айтар едім, оған жеңгеннен көрі ұшып кеткені екі есе ұпай болды. Мен Бүркітті финалда көргім келді, неге ерте шешкендерін білмеймін. Бірақ, Бүркітті ғана емес, "Маска" жобасына сай, талаптарына сай ән таңдау жағынан бірнеше масканың бір типте болып кеткені репертуарларынан байқадым түсірілім кезінде. Мүмкін сол жағынан да әділқазылар қараған шығар. Не үшін олай жасағанын білмеймін. Халықтың алдына шығып, ертең эфирге шығатынын сезіп соны ойлап тұрып, тактика жасағаны деп ойлаймын Әмірені. Өйткені ол өте ақылды жасады. Тек қазақша әндер айтамын дегендей. Ертең Маскадан кейінгі уақытты жазған сияқты болып көрініп тұр. Ал менде "Маскадан кейін мені жұрт таниды, халық көреді", — деген ой болған жоқ. Оның сол стратегиясы халыққа ойнап кетті. Хит дейді, ол баяғы хит. Ол онсыз да хит, ол хитті жаңарту. Қазіргі таңдағы трендке айналған сover нұсқа. Қазіргі таңда пікірлерді көңілге алмайтын болдым, бірақ көңілге алған жеке дайректке келген пікір болды. "Мойындашы, сатып алдың ба?", — деген пікір болды. Бірінші көргенде күлдім, ыңайсыз күлкі болады ғой, сондай болды. Мен оған "Материалдық жағдайым білсең, бұлай ешқашан айтпайтын едің", — деп жазып жібердім. "

Соңғы жаңалықтар