Оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс: қаза болғандардың саны бес адамға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс: қаза болғандардың саны бес адамға жетті

Оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс: қаза болғандардың саны бес адамға жетті

 

  • 27 Тамыз 2021
  • 23
Фото - Caravan.kz

Әскери қызметші өрт сөндіру кезінде, жарылыстан кейін оқиға орнында көз жұмды

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасындағы жарылыстан тағы бір әскери қызметші көз жұмғанын хабарлады.

Жарылыстан тағы бір әскери қызметші – өрт сөндіру командасының бастығы, келісімшарт қызметінің старшинасы 1992 жылғы Еркін Нәдірбеков қаза тапты.

"Ол инженерлік оқ-дәрі қоймасындағы өртті сөндіру жұмысын басқарған. Жарылыстан кейін оқиға орнында қаза болды. 27 тамыз күні жоғалғандар қатарына енген әскери қызметшілер арасында болған", — деп мәлімдеді ведомство.


Қорғаныс министрлігінің басшылығы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Министрлік оның отбасына қажетті көмек көрсетуге уәде етті.