«Су тасқыны болған аймақтардан 12 805 адам, 6 750 бас мал көшіріліп, 1922 ғимараттан су сорғытылып, 2 көлік жолдарына құм себіліп, 1 729 үй мен 3 мектептен мүлік шығарылды. 960 ауруға медициналық көмек көрсетіліп, аяғы ауыр 31 әйел аудандық ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ, суды азайтатын 782 метрлік арық қазылды», — деп атап өтті ол.
Оның сөздері бойынша көшірілген адамдар санаторийлерге, мектептерге және басқа да ғимараттарға орналастырылды.
«Санитарлық эпидемиологиялық жағдайды сақтау үшін су тасқынына ұшыраған елдімекендерді сумен қамтамасыз ету бақылауға алынды. Ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 18 су тасығыш көлігі жұмылдырылды «, — деп хабарлады А. Федоренко.
ТЖМ ақпараты бойынша 2 наурызда «Шымкент» станциясына 500 миллион теңге көлемінен асатын ет консервілері, түтікті кеспе, шатырлар, жылу құрал жабдықтары, төсек орын, матрас, дала асханалары тиелген 25 вагон жеткізілді.
«Әкімдіктер тұрғындарға азық-түлікті таратып, баспанасыз қалғандарға лагерь шатырын орнатып жатыр», — деп түсіндірді А. Федоренко.
ТЖМ мәліметтері бойынша, су тасқыны болған оқиғаларды жоюға түрлі кезеңдерде 1637 адам, 233 бірлік техника жұмылдырылды. Оның 618 ТЖМ қызметкері және 101 бірлік техникасы болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті