ОҚО: 800-ге тарта ауған соғысының ардагері «Нұр Отан» партиясының қатарынан шықпақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО: 800-ге тарта ауған соғысының ардагері «Нұр Отан» партиясының қатарынан шықпақшы

ОҚО: 800-ге тарта ауған соғысының ардагері «Нұр Отан» партиясының қатарынан шықпақшы

Оңтүстік Қазақстан облысында  800-ге тарта ауған соғысының ардагері «Нұр Отан» партиясының қатарынан шығатындарын мәлімдеді. Олардың айтуынша, мұндай қадамға баруларына жергілікті билік өкілдерінің қитұрқы   әрекеті себеп болып отыр.

  • 16 Маусым 2011
  • 600
Фото - Caravan.kz

Мұқтар Мұхамбетжан, «Ел бірлігі» Қоғамдық ұйымының төрағасы, ауған соғысының ардагері:

 — Бізді билік пайдаланады да, соңынан керексіз болып қаламыз. Бүгін  Жангелдінің  кезегі келді. Жангелді мафия емес, клан емес, бұл жердің руынан емес. Сондықтан оны «құрта беруге болады».

Дау  ауған соғысы ардагерлері және жергілікті қақтығыстарға  қатысқандар  ұйымы атынан Шымкент  қалалық мәслихатына сайланған жалғыз өкіл — Жангелді Мақашев төңірегінде өрбіп отыр. Соңғы бір жылдан астам уақыт қалалық мәслихат хатшысы қызметін атқарып жүрген Жангелді Мақашевтіжергілікті билік қызметінен алып тастамақшы.   Ауғандықтардың   айтуынша,  дәл осы азаматтың арақасында оңтүстіктегі ауған соғысы ардагерлері бірқатар жеңілдіктерге қол жеткізген. «Енді өз арасынан мәслихатқа сайланған жалғыз адамды қызметтен қудалау — ардагерлерге жасалған қиянат» — дейді олар. Ауған соғысының ардагері, әрі «Ел бірлігі» Қоғамдық ұйымының төрағасы Мұқтар Мұхамбетжан: «Биліктің  ауған соғысының ардегірлерін өздеріне қажет жерінде ғана пайдаланатынынан шаршадық» — дейді. Айтуынша, олар өңірде орын алған бірқатар шулы мәселелерді шешуге тікелей араласқан. Айта кетейік, Шымкент қалалық мәслихатының жаңа хатшысын сайлау туралы мәселе 17маусым күні Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында қаралмақ.  Егер өз арасынан сайланған өкіл қызметінен алынса, Оңтүстік Қазақстан облысындағы сегіз жүзге тарта ауған соғысы ардагерлері «Нұр Отан» қатарынан шығатынын мәлімдеді.


Мұқтар Мұхамбетжан, «Ел бірлігі»
Қоғамдық ұйымының төрағасы, ауған соғысының ардагері:

— Егер осы сессиядан бас тартпасақ, онда біз бүгін  Ауған соғысы ардагерлері ассоциациясына бастама жасаймыз, партиядан шығу туралы. Екіншіден — бүкіл Қазақстандағы  ауған соғысының ардагерлерін осында шақырып,  ереуіл ұйымдастырамыз. Үшіншіден- осы мәселеге түрткі боғандар  неге орнында отыр?! Неге  кетпейді? Біз оларды да қайта сайлауға қол жеткіземіз.

 

Соңғы жаңалықтар