Шымкентте үш күн бойы ОҚО басшылығы мен Оңтүстік Корейя фирмасы өкілдері арасында келіссөздер жүргізілді. Корея жағынан Daewoo International Corporation аға вице-президенті Ким Ки Сок, бас менеджер Жи Бьюнг Хван, Орталық Азия аймағының бас директоры Джон Бенг Ил, Орталық Азия аймағы бас директорының орынбасары Ю Чаэ Чин, «Корея Электрик Пауэр Компани Групп» компаниясының бас менеджерінің орынбасары Ким Кванг Соо, «Хюндай Инжениринг компани» фирмасының бас менеджері Ха Чонг Хюн қатысты.
Келіссөздер қорытындысы бойынша бұрынғы форфор зауытының жанында жылу электр станциясының құрылысын салу жөніндегі меморандумға қол қойылды.
«Біздің жоспар бойынша электр станциясы 300 МВт электрқуаты мен сағатына 150 гигакалорий жылу өндіреді. Бұл ОҚО ең ірі ЖЭО болмақ. Қосымша өнім ретінде өндірілетін жылу- кәсіпорындар мен Сайрам ауданы тұрғындарына сатылатын болады», -деді Daewoo International Corporation вице-президент Ким Ки Сок.
Оңтүстік Корея делегациясының басшысы өзінің қызығушылығын оңтүстік аймақтың қарқынды дамуымен байланысты екендігін түсіндірді. Делегация мүшелері сондай-ақ, облыста инвестиция салудың тиімді жағдайы мен Оңтүстік Қазақстан әкімшілігі тарапынан жобаларға үлкен қолғабыс жасалатындығын атап өтті.
«Жыл соңына дейін техникалық — экономикалық негіздемесі жасалып, үкіметтен барлық рұқсат құжаттары келісіліп, лицензиялар дайындалып, келесі жылдың наурыз айында Оңтүстік Кореялық компания станция құрылысын бастайтын болады «, — деп атап өтті ОҚО әкімі Нұрғали Әшімов.
Электр станцияның құрылысы шамамен үш жылға созылады. Мамандардың берген бағалары бойынша, станция іске қосылған жағдайда ол облыстағы электр қуатты бойынша барлық сұранысты өтейтін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті