ОҚО перинаталдық орталығында биыл 4192 нәресте дүниеге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО перинаталдық орталығында биыл 4192 нәресте дүниеге келді

ОҚО перинаталдық орталығында биыл 4192 нәресте дүниеге келді

Биыл ОҚО перинаталдық орталығында 4192 нәресте дүниеге келді.

  • 15 Маусым 2015
  • 645
Фото - Caravan.kz


Брифингте перинаталдық орталықтың бас дәрігері Ақмарал Елмұрзаева хабарлағандай, босанған әйелдердің саны 4093. «Биыл 166 балаға көп туылды, олардың  9-і 1 — егіз, 4-уі   — үшем», — деді ол.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл пернаталдық орталықта, 600 адам жұмыс істейді, мұнда 356 орын көзделген. Облыстың 12 ауданынан тәуекел тобына кірген әйелдер қабылданады. Бұл орталықта уақытынан бұрын босандыру (22 апталық, 500 г болып туған бала күтімі жасалады) жағдайлары жасалған.

Бас дәрігердің орынбасары орталықта 8 жылда бері «АИТВ инфекциясының анадан балаға берілуін болдырмау» бағдарламасы жұмыс  істейтінін атап өтті. Бұл  дерттің анадан балаға жұғу қаупін 2 пайыздық деңгейде төмен ұстап тұруға мүмкіндік берді. Бұдан басқа, облыстық перинаталдық орталық  медициналық қызметкерлер үшін акшуерлік, гинекология, неонатология бойынша практикалық дағдылар қолға алынған оқу базасы болып табылады. 80 жыл ішінде орталықта 300 мыңнан астам нәресте дүниеге келген.