ОҚО қаруларды тапсырған азаматтарға екі миллион теңгеге жуық қаржы төленеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО қаруларды тапсырған азаматтарға екі миллион теңгеге жуық қаржы төленеді

ОҚО қаруларды тапсырған азаматтарға екі миллион теңгеге жуық қаржы төленеді

Шымкент. 5 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында азаматтар өз еркімен 100 бірлік қару мен жарылғыш заттарды тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісіне ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

  • 5 Наурыз 2008
  • 453
Фото - Caravan.kz

«Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментіне өз еркімен 100 ден аса қару- жарақ тапсырылды. Комиссия тапсырылған 53 арызды қарастырып, қару жарақты сатып алу жөнінде шешім шығарды», — деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі подполковник Салтанат Қаракөзова.

Оның сөздері бойынша, шешімдер ОҚО ІІД қаржымен қамтамасыз ету басқармасына жіберілді.

«Комиссия шешімімен азаматтарға 1 млн 944 мың 720 теңге сыйақы төленеді. Қаржы кешеден бастап беріле бастады. Арыз тапсырғандардың құжаттарын қарастыру жұмысы жалғасуда», — деді С. Қаракозова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті