ОҚО су тасқыны болған ауданда бір ер адам қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО су тасқыны болған ауданда бір ер адам қаза болды

ОҚО су тасқыны болған ауданда бір ер адам қаза болды

Шымкент. 6 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Сарыағаш ауданында 38 жастағы ер адамның үстіне үй қабырғасы құлап, қаза болды. Бұл туралы агенттік тілшісіне ОҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 6 Наурыз 2008
  • 534
Фото - Caravan.kz

«Бүгін Сарыағаш ауданында Ақдала ауылдық аумағында Ғани Мұратбаев ауылында таңғысағат бесте үй иесінің үстіне су тасқынымен шайылған үйдің бір қабырғасы құлады. Зардап шеккен адам Сарыағаш аудандық ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізіліп, сол жерде көз жұмды «, — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұл су тасқыны болған аймақта екінші қаза. Бұдан бұрын хабарланғанындай 20 ақпанда Сарыағаш ауданында бір малшы төрт тұяқты малды құтқарам деп суға батып кеткен.

ОҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, Сарыағаш ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін шатырлы қалашық тұрғызылды. Жалпы 245 тұрғын вагоны, киіз үй мен шатырлар қойылды. Уақытша баспаналарға электр қуатын жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

Аудан бойынша 4 577 адамға қосымша қажетті азық түлік, 3 мың төсек орын, 4,5 мың матрас, 9 мыңнан аса ақ жайма, 160 мыңнан аса бұқтырма консервісі бөлінде.

Жалпы облыс бойынша 2396 аула мен 8 мектеп судың ішінде қалып,410 баспана мен төрт көпір бұзылды және 13 мың адам зардап шекті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті