ОҚО су тасқыны келтірген шығын көлемі 15 млрд теңгені құрады - комиссия - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО су тасқыны келтірген шығын көлемі 15 млрд теңгені құрады - комиссия

ОҚО су тасқыны келтірген шығын көлемі 15 млрд теңгені құрады - комиссия

Шымкент. 18 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының үш ауданына келтірілген шығын көлемі 15 млрд 304 млн 430 мың теңгені құрады. Бұл туралы кеше облыс әкімшілігінде өткен жиналыста ОҚО ТЖ және мобилизациялық дайындық департаментінің директоры Кенжехан Төлебаев құлағдар етті.

  • 18 Наурыз 2008
  • 540
Фото - Caravan.kz

Облыстың Сарыағаш, Арыс және Ордабасы аудандарына келтірілген шығын көлемін анықтау үшін құрылған комиссия өз жұмысын аяқтады. Комиссияның мәліметтері бойынша, 1478 бұзылған үйді қайта салып, 454 баспанаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керек.

«Бұзылған шаруашылық құрылыстардың шығындары жалпы қаржы көлеміне енгізілмеді. Егер жаңа үйлер салынатын болса, онда тұрғындар ескі үйдің материалдарын сарайлар мен қораларды салуға пайдалана алады», — деп есептейді К. Төлебаев.

Комиссияның мәліметтері бойынша, су тасқынына ұшыраған үш аудан бойынша 59 көпір бұзылып, жеті мектепті қайта тұрғызу керек. Сондай-ақ, екі мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Сонымен қатар 553 шақырымдық жол бұзылды. Ал істен шыққан газ және электр желілері бойынша шығын көлемі 23 млн және 81 млн теңгені құрады.

К. Төлебаевтың сөздері бойынша, бүгінгі кезде ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізу үшін батпақ пен саз басып қалған су арналарын тазалау мәселесін шешу керек.

«271 шақырымға созылып жатқан арналар басылып жатыр. Ал қазіргі кезде топырақты ылғалдандырып, егіндіктерді тазалау жұмыстарын жүргізу керек. Бұл шаралар жасалмаса онда өнім алынбайды. Шаруалар осыған алаңдап отыр «, — деді К. Төлебаев.

Облыстық комиссияның қорытындылары үкіметтің бүгін өтетін отырысында талқыланады. Үкіметтің алқа жиналысы барысында қалпына келтіру жұмыстарына қаржы бөлу мәселелері шешілетін болады.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 21 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысының 50 елдімекені су тасқыны ішінде қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті