Кеше Шанин атындағы облыстық театрында Оңтүстік Қазақстан облысының үш ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында өткізілген қайырымдылық акциясы өтті. Оған облыс тұрғындары, бизнесмендер, мемлекет мекемелері қатысты.
Комиссияның ақпараты бойынша, 180 млн теңге қаржы «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» келіп түсетін болады. Ал Кентау трансформаторлық зауыты бес миллион теңге көлемінде қалпына келтірілетін электр желілерінің трансформаторларымен қамтамасыз ету міндетін өздеріне жүктеді. «Южполиметалл»АҚ басшысы 5 млн теңгеге бағаланатын баспана құрыстарын тұрғызатын болды. Республикалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдары бес миллион теңге бөлді. Сондай-ақ, өз көмектерін басқа да ұйымдар мен кәсіпорындар, жеке тұлғалар берді.
«Арнайы есеп-шотқа түсетін қаржыны комиссия бақылап, таратылатын болады. Бірінші кезекті 83 миллион теңге су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың жарамсыз болып қалған киім-кешегіне, тұрмыстық заттарды қалпына келтіруге жұмсалатын болады. Тағы да бір өзекті мәселелерге батпақ пен лайға толып қалған арықтарды тазалау жұмыстары жатады. Қазір ол жаққа жер қазатын техника жөнелтілді «, — деді жұмылдыруды дайындау және ТЖ облыстық департамент директоры Кенжехан Төлебаев.
Облыс әкімі Нұрғали Әшімов айтқанындай, зардап шеккендерге көмек көрсету тек осы қайырымдылық акциясымен шектелмейді. «Қаржы жинау жалғастырылады. Зардап шеккен 13 мың тұрғынға қол ұшын беретін азаматтар табылып, олардың тағдырына немқұрайдылық танытпайды деген сенімдемін», — деді ол.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, ОҚО су тасқынынан 2346 үй бұзылып, оның 1478 пайдалануға жарамсыз болып шықты. 457 үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Судың ішінде қалған 9 мектептің екеуіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қалған жетеуін бұзу керек. Денсаулық сақтау саласының 6 нысаны судың ішінде қалды. Сондай-ақ, бір кітапхананың қабырғалары құлады. 106 шақырымдық электр тарату желілері істеп шығып, 20 трансформаторлық пунктті қалпына келтіру керек. 12 шақырымға созылып жатқан газ құбыры, 107 шақырым көлік жолы, 59 көпір, 270 дренаждық желі қирады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті