ОҚО тұрғыны мектеп оқушысын өлтіргені үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО тұрғыны мектеп оқушысын өлтіргені үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылды

ОҚО тұрғыны мектеп оқушысын өлтіргені үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылды

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны мектеп оқушысын өлтіргені үшін қатаң тәртіп колониясында мерзімін өтеуге 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі ОҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жарияланды. Сотталғандардың саны - 4 адам.

  • 19 Қыркүйек 2013
  • 325
Фото - Caravan.kz

Тергеу материалдары бойынша, күдіктілер Сарыағаш ауданының мектеп оқушыларын қорқытып, 7000 теңге көлемінде ақша алмақшы болған. Бопсалаушылар бас тартқандарды жазаламақ болып, шолақ мылтықтан оқ атып, екеуін жарақаттайды. Зардап шеккендердің бірінің тізесі, ал екіншісінің жамбасы жарақаттанады. Көп мөлшерде қан жоғалтқан балалардың бірі ауруханада көз жұмды.


Ең ұзақ жазалау мерзімі оқ атқан адамға тағайындалғанын, ал қалғандары жалпы тәртіп колониясында 6 жылға жуық жазасын өтейтінін атап айтамыз.