ОҚО тұрғыны өз баласын 150 мың теңгеге сатпақ болған - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО тұрғыны өз баласын 150 мың теңгеге сатпақ болған

ОҚО тұрғыны өз баласын 150 мың теңгеге сатпақ болған

Алматы қаласында өз баласын сатпақ болған Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны ұсталды. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етт

  • 30 Қазан 2013
  • 380
Фото - Caravan.kz


Оның хабарлауынша, Алматы қалалық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қазан айының басында жалға алған пәтерінде өзінің жаңа туған нәрестесін бір отбасыға 150 мың теңгеге сатпақ болған Оңтүстік Қазақстан облысының 40 жастағы тұрғынын құрықтады. «Бүгінде аталған фактіге қатысы бар барлық қатысушыларға ешқайда кетпеу жөнінде бұлтартпау шарасы қолданылып, қылмыстық іс қозғалды», — деп атап көрсетті Н.Ораз.