ОҚО ұзаққа созылған қыс мақта шаруашылығының жағдайын ушықтырып жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО ұзаққа созылған қыс мақта шаруашылығының жағдайын ушықтырып жіберді

ОҚО ұзаққа созылған қыс мақта шаруашылығының жағдайын ушықтырып жіберді

Шымкент. 26 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының мақта өсірушілері уақтылы көктемдік егіндік жұмыстарын бастай алмайды. Ерте келіп ұзаққа созылған қыс шаруаларға күзде егістік жерлерді дайындауға мүмкіндік бермеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі, "Қазақстан-Шымкент" телеарнасына сүйене отырып.

  • 26 Наурыз 2008
  • 770
Фото - Caravan.kz

Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы Аңсархан Айдарбеков айтқанындай, күзде 15 мың гектар жер ғана жыртылды, ал аудан бойынша 125 гектар жерді дайындау керек. «Наурыздың аяғына дейін 110 мың гектарды орып, сосын тездетіп жерді суғару керек», — деді А. Айдарбеков.

Мамандардың айтуынша, биылғы жылы қар қалың жауғанымен жер ылғалдылығы төмен. Қар бірнеше күннің ішінде тез еріп кетті және жер дұрыс ылғалданып үлгермеді.

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің мақта шаруашылығы ҒЗИ мамандары шаруаларға егіндік жұмыстары аяқталғаннан кейін, бар ылғалдықты ұстап қалу үшін жерді тырмалап шаю жұмыстарына кірісу керек деген кеңес беруде.

«Бұл жұмыстарды өте қысқа уақыт аралығында жасау керек. Жерді тырмалау жұмыстарын сапалы әрі тез жүргізу қажет. Сонымен қатар, бұл жұмысты екі ретке дейін жасау керек «, — деді ҒЗИ директоры Ибадулла Үмбетаев.

И. Үмбетаевтың сөздері бойынша, биылғы жылы суармалы су тапшылығы болатындықтан, ауа райының қолайсыздығына төзімді мақта түрлерін отырғызу керек.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, облыс бойынша 2007 жылы жалпы жиналған мақта көлемі 438 мың 700 тоннаны құрады, оның 94,1% немесе 412,9 мың тоннасы шаруа қожалықтарының үлесіне тиесілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті