ОҚО-да 3 мыңдай балада туылғанынан жүрек ақауы бар - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да 3 мыңдай балада туылғанынан жүрек ақауы бар

ОҚО-да 3 мыңдай балада туылғанынан жүрек ақауы бар

Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) «Туылғанынан жүрек ақауы бар» (ТЖА) деген диагнозбен 15 жасқа дейінгі 2 мың 802 бала есепте тұр, олардың 1 жасқа дейінгілері – 415 бала, деп облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Омарова мәлім етті.

  • 5 Шiлде 2011
  • 662
Фото - Caravan.kz

«Республикалық клиникалардың кардиохирургтары 1 мың 235 балаға консультация берді. Олар жалпы ТЖА бар балалардың 44,1%-ын құрайды. Консультация берілген балалардың барлығы ақауларына оперативтік немесе эндоваскулярлық түзетулерге мұқтаж», — деді А. Омарова.

Ол сондай-ақ республикалық клиника деңгейінде 2008-ші жылы — 67 балаға, 2009- 182 балаға, 2010 жылы – 304 балаға операция жасалғанын айтты.

«Сәбилердің жастай қайтыс болуында ТЖА, әртүрлі асқазан-ішеу ақауларынан соң екінші орында», — деді А. Омарова.

Мысалы, 2010 жылы ОҚО-да 75 мың 700 бала туылса, 132 бала туылғанынан жүрек ақауынан қайтыс болды. «Орташа есеппен жылына 450-дей бала туылғанынан жүрек ақауымен туылады да, олардың 350-дейі операцияны қажет етеді», — деді денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Соңғы жаңалықтар