ОҚО-да ауылдастар арасындағы көзәйнек үшін болған жанжал өліммен аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да ауылдастар арасындағы көзәйнек үшін болған жанжал өліммен аяқталды

ОҚО-да ауылдастар арасындағы көзәйнек үшін болған жанжал өліммен аяқталды

Оңтүстік Қазақстанда көзілдірік үшін ауылдасын ажал құштырғандар сотталды. Күннен қорғайтын көзәйнек үшін жолдасына пышақ сұққан қаскөй 10 жылға сотталса, қасында қарап тұрған сыбайласы 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылды. 

  • 12 Қыркүйек 2013
  • 267
Фото - Caravan.kz

Сарыағаштық сыныптастардың арасындағы жанжал болмашы нәрсе үшін шыққан. 22-ші сәуір күні Бақтияр Берденов пен Азамат Дәулетов кезінде бірге оқыған достарынан қара көзілдірікті сұрай келеді. Сұраған заттың өзінде емес екенін естіген екеу ашуға мініп, құрдасына пышақ ала жүгіріпті. Жәбірленуші жан ұшыра сол маңдағы әскери бөлімнің бекетіне кіріп кеткен екен. Бірақ көзі қарайған қаскөй артынан барып, жүрегіне пышақ сұғып, жөніне кетіпті. Осындай қатыгездікпен жасалған қылмыс үшін біреуін 10 жылға, екіншісін шартты түрде екі жылға кескен сот үкіміне марқұмның жақындары қанағаттанбады.


Талғат Байқонысов,  марқұмның әкесі:

— Енді бұл қасақана келіп өлтірген өлім. Себебі алдын-ала бұл үйінен ас пышағын алып шығады. Дәулетов шақырады. Дәулетовтың машинасымен келеді. Бұның бәрін біз сотта дәлелдедік. Бірақ соттың шешімімен толық келіспеймін.