ОҚО-да биыл 40 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да биыл 40 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады

ОҚО-да биыл 40 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады

«Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

  • 27 Мамыр 2015
  • 343
Фото - Caravan.kz

Әсия Темірбаева Оңтүстік Қазақстанда биылғы жылы 949 жоба аясында 40 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарының ашылатынын мәлімдеді.

 Онда жұмыспен қамту органдары арқылы 5 мыңнан астам адамды тарту көзделіп, 1 мамырға дейін 755 адамның екі қолға бір күрек тапқанын жеткізді. Ал, өздігінше жұмыспен қамтылған азаматтармен жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, төрт айда облыс бойынша формальды секторға өткендер саны 546375 адамды немесе 89,9 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ басқарма басшысы осы жылдың 1 шілдесінен бастап, республика аумағында «Өрлеу» жобасы пилоттық негізде іске асатынын айтып, бұған өңірдегі Төлеби, Сарыағаш аудандары мен Арыс қаласы еніп отырғанын баяндады, деп хабарлады ОҚО әкімінің бапасөз қызметі.