ОҚО-да мектеп оқушысын өз-өзіне қол салуға итермелеген мұғалімге жаза кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да мектеп оқушысын өз-өзіне қол салуға итермелеген мұғалімге жаза кесілді

ОҚО-да мектеп оқушысын өз-өзіне қол салуға итермелеген мұғалімге жаза кесілді

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам аудандық соты мектеп мұғалімін екі жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.

  • 9 Қыркүйек 2014
  • 627
Фото - Caravan.kz

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, педагог 14 жасар қыз баланың намысына тиіп, оны өз-өзіне қол салуға итермеледі деп танылды.

Іс материалдарына сүйенсек, мұғалім оқушы қызды «ауыл тұрғындары мен анасының көзінше қорлап, шыбықпен ұрған» көрінеді. Онымен қоймай, педагог оқушы қыздың бетінен тартып жіберіпті.

Осы оқиғадан кейін үш күн өткен соң қыз асылып өлген. Қоштасу хатында ол ата-анасынан әлгі мұғалімді жаназасына кіргізбеуді сұрапты.