ОҚО-да құны 15 миллион теңге тұратын мал ұрлаған ер адамдар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+41 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да құны 15 миллион теңге тұратын мал ұрлаған ер адамдар ұсталды

ОҚО-да құны 15 миллион теңге тұратын мал ұрлаған ер адамдар ұсталды

Оңтүстік Қазақстанда аймақ тұрғындарынан жалпы құны 15 миллион теңге болатын қара мал ұрлаған ағайындылар ұсталды. Тергеу барысында анықталғандай, күдіктілер малды табынымен айдап алып кеткен.

  • 4 Қыркүйек 2013
  • 393
Фото - Caravan.kz

Ұсталған ағайындылардың бірі 1972 жылы, екіншісі 1982 жылы туған. Олар өздерінің бұл іске үлкен ағасының балаларының біріне ота жасауға ақша қажет болғандықтан барғандарын айтты.

Жалпы есеп бойынша, ұсталғандар 60 бас қара малды ұрлаған. Ұрланған малдың бір бөлігі иелеріне қайтарылды.

ҚР ҚК 175-бабы «Аса ірі көлемде ұрлық жасау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.