ОҚО-да сабақ үстінде оқушыны жәбірлеген мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да сабақ үстінде оқушыны жәбірлеген мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалды

ОҚО-да сабақ үстінде оқушыны жәбірлеген мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалды

ОҚО-да сабақ үстінде оқушыны жәбірлеген мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

  • 29 Мамыр 2015
  • 416
Фото - Caravan.kz

Әл-фараби аудандық прокурорының орынбасары Асқар Меңлібаев хабарлағандай, шымкенттік №11 мектеп мұғалімінің үстінен ҚР ҚК 140 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Бұл оқиға А.Навои атындағы №11 мектепте орын алғаны анықталды. 1989 жылы туған мұғалім Юлдуз Наметова математика пәнінен сабақ берген. Сабақ кезінде 6-сынып оқушысы бұзақылық жасаған соң, ол осылайша тыныштандырғысы келген», — деді Асқар Меңлібаев.

Прокуратурадан хабарлағандай, бұл оқиғадан кейін мұғалім жұмыстан кету туралы өтініш жазған.  Еске сала кетейік, мұғалім 6-сынып оқушысына айқайлап жатқаны, оны жәбірлегені және оқушының бетіне жармасуы бейнеленген видеороликті бір тәулік ішінде он мыңнан астам интернет пайдаланушы қарады.  Айта кету керек, оқушылардың ата-аналары мұғалімге шағымданып, прокуратураға өтініш жазған.