ОҚО-да шәкіртін өлімге итермелеген ұстаз сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да шәкіртін өлімге итермелеген ұстаз сотталды

ОҚО-да шәкіртін өлімге итермелеген ұстаз сотталды

Оңтүстік Қазақстанда өз оқушысының асылып өлуіне себепкер болған ұстаз сотталды. Бастауыш сыныптардың мұғалімі Гүлнар Османалиева былтыр 15 жастағы Барчынай Махмұдханованы жұрт көзінше сабап, былапыт сөздер айтып, тіпті   анасына да қол жұмсаған.

  • 11 Қыркүйек 2014
  • 282
Фото - Caravan.kz

Осыған шыдамаған оқушы ақтық хатында мұғалімін кінәләйтінін жазып, асылып өлген еді. Осыдан кейін Сайрам ауданына қарасты Көлкент ауылының тұрғындары мұғалімнің жұмыстан кетуін талап етті. 1 жыл бойы істі қараған аудандық сот ақыры Османалиеваны кінәлі деп тауып, зейнет жасына жақындап қалған ұстазды 2 жылға соттады. Жеңіл жазалануына оқушы қыздың каникул кезінде асылып қалғаны түрткі болыпты.