ОҚО-дағы барлық су құбырлары жыл соңына қарай тәулік бойына үзіліссіз жұмыс режиміне көшеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-дағы барлық су құбырлары жыл соңына қарай тәулік бойына үзіліссіз жұмыс режиміне көшеді

ОҚО-дағы барлық су құбырлары жыл соңына қарай тәулік бойына үзіліссіз жұмыс режиміне көшеді

Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) су құбырлары бар барлық елді мекендері жыл соңына қарай ауыз суды үзліссіз тәулік бойына алатын болады, деп ОҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастық орынбасары Батырша Маханов сейсенбі күні әкімшілік отырысында мәлім етті.

  • 31 Мамыр 2011
  • 491
Фото - Caravan.kz

«Бүгінге су құбырлары бар 512 елді мекеннің 163-не су үзіліссіз беріліп тұрады», — деді Б. Маханов. Ол сондай-ақ 2011-ші жыл ОҚО-да ауыз су жылы деп жарияланғанын еске салды. Бұл мәселені шешіге бюджеттен Т12 млрд сомасындағы қаржы бөлінді. 78 су құбырын салу, 43 елді мекендегі су құбырларын жөндеу, 30 нысанның сметалық-жобалық құжаттарын дайындау туралы шешім қабалданды.

«Құрылыс және жөндеу жұмыстарынан басқа сумен қамтамасыз ету мекемелерін Т953,9 млн сомаға арнайы техника сатып алу да қарастырылған», — деді Б. Маханов. Басқарма мамандарының есебі бойынша ОҚО 2015-ші жылға қарай толығымен ауызсумен қамтамасыз етіледі.

Соңғы жаңалықтар