ОҚО-дағы Сайрам-Өгем табиғи паркінде адасып кеткен турист табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-дағы Сайрам-Өгем табиғи паркінде адасып кеткен турист табылды

ОҚО-дағы Сайрам-Өгем табиғи паркінде адасып кеткен турист табылды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам-Өгем табиғи паркінде тағы бір турист адасып кетті.

  • 14 Мамыр 2018
  • 19
Фото - Caravan.kz

21 жастағы жігіт табиғатты тамашалап жүріп, өзінің тобынан қалып қойған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, туристің тауда адасып кеткені туралы ақпарат кезекші бөлімге 13 мамырда кешкі сағат 20.30-да түскен. «Оқиға орнына 1 техникамен жедел-құтқару жасағының 5 қызметкері келіп жетті. Олар іздестіру шараларын 14 мамыр күні таңғы сағат 05.30-да бастап, сағат 09.05-те жігіт табылды» делінген хабарламада. Айта кетейік, өңірлік жедел құтқару жасағы күні кеше ғана тауда адасып кеткен екі жігітті құтқарған болатын. Кейіннен екі студенттің де жағдайлары қалыпты екені анықталды. Тауға серуендеп шығып, жолды таппай қалған.

 

Оқи отырыңыз:

Сізді жақсы көрем көке: Қайрат Нұртас Бердібек Сапарбаевқа алғыс білдірді

Іштегі баласын қатігездікпен алдыртқан — Қытайда қамауда болған қазақ әйелі елге оралды

Селфиге түсірмекші болған әйел баласын эскалатордан құлатып алды