Жарияланды: 100

Селфиге түсірмекші болған әйел баласын эскалатордан құлатып алды

Селфиге түсірмекші болған әйел баласын эскалатордан құлатып алды

Үндістанда сауда орталығына келушілердің бірі он айлық баласын эскалатордан құлатып алды.

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі РЕН-ТВ сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Кадрдан ерлі-зайыптылардың эскалаторға мінгенін көруге болады. Әйелдің қолында нәрестесі болған.

Куәгерлердің айтуынша, осы сәтте күйеуі әйелінен селфиге түсіруді өтінген. Сол кезде әйел тепе-теңдігін сақтай алмай, теңселіп кетіп, баланы қолынан түсіріп алған.

Дереккөзінің хабарлауынша, эскалатордан құлаған бала шетінеп кеткен.

 

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін