ОҚО-дағы университетте бомба қойылғаны туралы телефон қоңырауынан соң ҰБТ тапсырушылар эвакуацияланды
Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік Университетінде сәрсенбі күні сағат 10:00-де бомба қойылғандығы туралы телефон қоңырауынан соң, ҰБТ тапсыруға кірген 650-дей мектеп бітірушілері эвакуацияланды, деп Оңтүстік Қазақстандық телерадиохабар тарату «Айғақ» корпорациясының тілшісі Абай Омаров хабарлады. |
Оның айтуынша, бұл оқиға тестілік сауалдарды оқушыларға үлестіріп болған соң орын алған. Қазір оқиға орнында аймақтық ТЖ департамент және ІІД мамандары жұмыс жүргізуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін